Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара
22
январь
2024

Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

"Ұлтын сүю - ұлылық" Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 17.01.2024ж. күні Ұлттық кітапханада "Жақсы кітап кітап - жан азығы" саяхат сабағы өтті. Сабақтың мақсаты "Ұлт зиялылары" "Үш бәйтеректің" 130 жылдық мерейтойына арналған ұлылардың шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ұлттың және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту. 8 "А" сынып оқушысы Тулен Диляра, 8 "Б" сынып оқушысы Мелдебек Жұбаныш, 9 "А" сынып оқушысы Болат Нұрсұлтан, 9 "Д" сынып оқушысы Хайрлы Исмаил, 10 "Г" сынып оқушысы  Құрманжан Алисұлтан  "Балбырауын" күйімен сабақты ашты. 10 "Г" сынып оқушылары Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасына буктрейлер және І.Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасындағы "Аттың сыны" эпизодына сахналық қойылым қойды. 7 "А" сынып оқушылары Айбат Аруай, Үсенбай Дария, 9 "Г" сынып оқушысы Жолдасбек Рахман, 11 "Г" сынып оқушысы Шәріпхан Қуаныш  мәнерлеп оқу бөлімдерін жандандыра түсті.  Сабақтың екінші бөлімін Ұлттық кітапхана қызметкерлері жалғастырды. Кітапханадағы кітап қорларын, ұлт зиялыларының бұрыштарын оқушыларға тереңірек таныстырды. Сабақты ұйымдастырушылар: Шалқарбаева Н.Ә, Оспанова А.Қ, Унербаева А.А, Богыбаева У.О, мектеп кітапханашысы: Қожаева Қ.