«Қазақстан-Иран: «Наурызнама» мәдениеттердің үндестігі» атты әдеби – тақырыптық кеш өтті » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан-Иран: «Наурызнама» мәдениеттердің үндестігі» атты әдеби – тақырыптық кеш өтті
24
апрель
2024

«Қазақстан-Иран: «Наурызнама» мәдениеттердің үндестігі» атты әдеби – тақырыптық кеш өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі аясында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, «Қазақстан-Иран: «Наурызнама» мәдениеттердің үндестігі» атты әдеби – тақырыптық кеш өтті.

Шарада сөз сөйлегендер: Алматы қ. Иран Ислам Республикасының Бас консулы Фагани Мохсен мырза, Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Агазаде мырза, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер шинституты бас директорының орынбасары, Т.Е.Қыдыр, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті ирантану бөлімінің меңгерушісі және аға оқытушысы А.Ж.Боранбаева және Ғ.А. Қамбарбекова.

Іс-шарада «Наурыз» интеллектуалды квест-викторинасы өткізіліп, Қазақстанда Наурыздың атап өтілуі туралы материалдар ұсынылды. «Наурыз – бейбітшілік пен келісім мерекесі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әлем әдебиеті қызметінің мамандары шолу жасады.

Іс-шарағаҒ..Мүсірепов атындағы N 86 мектеп-гимназиясыныңоқушылары, кітапхана оқырмандары мен қонақтары қатысты.

Іс-шараның белсенді қатысушылары мен квест ойын жеңімпаздарына кітапханадан алғыс хаттар, кітаптар және Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығынан және Иран мәдени орталығынан сыйлықтар табысталды.