31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31
май
2024

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған   ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс. 
✅ Тұңғыш Президентіміздің жарлығымен 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі дей келе, «Аға буын ұрпақтың тарихы мен олардың тәлкекке толы тағдыры туралы жадымызда сақтау – біздің адамгершілік парызымыз және осынау сұмдықтың қайталануына біздің ешқашан жол бермейтіндігіміздің кепілі. Мектебімізде осы айтулы күнге орай кездесу кеші өткізілді. Кездесі қонақтары: 
1. Болат Қабдушев-тарих ғылымдарының кандидаты, Ғ.Дәукеев атындағы  Алматы энергетика және байланыс университеті әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі.Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Алматы қалалық мемлекеттік комиссия жұмыс тобының басқарушысы.
2. Стамшалов Еркін-А.Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері,Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының PHD –докторанты , Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Алматы облыстық мемлекеттік комиссия жұмыс тобы жетекшісі.
Халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе