Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2025

Досболайк

Дос болайық!» тақырыбында тренингтер өткізілді



Мақсаты:

Оқушыларды достыққа, сыйластыққа, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынастың негізі – өзара түсіністік пен мейірімділік екенін ұғындыру.


Іс-шара барысы:

Іс-шара «Дос болайық!» әнімен басталып, оқушылар достық туралы өз ойларын ортаға салды.
Олар «Достық деген не?», «Нағыз дос қандай болады?» деген сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгімелер мен өлеңдер оқыды.

Топтық тапсырмалар барысында оқушылар достық тақырыбында сурет салып, постер қорғады.
«Менің ең жақсы досым» атты шағын эссе байқауы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Жақсы дос – жарты бақыт» тақырыбында пікірталас өткізіліп, оқушылар өз өмірінен мысалдар келтірді.


Нәтижесі:

Іс-шара оқушылардың достық пен бірліктің қадірін түсінуіне, бір-біріне қамқор болуға, ұжымдық рухты қалыптастыруға ықпал етті.
Балалар достықтың — өмірдегі ең қымбат құндылық екенін түйді.