23
октябрь
2025
23 қазан 2025 жылы жер сілкінісі дабылы бойынша өткізілген оқу-жаттығу шарасы
23 қазан 2025 жылы жер сілкінісі дабылы бойынша өткізілген оқу-жаттығу шарасы
23.10.2025 күні Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияда жер сілкінісі кезінде әрекет ету бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Дабыл соғылған сәттен бастап барлық оқушылар, мұғалімдер және мектептің кіші қызметкерлері белгіленген тәртіп бойынша тез әрі қауіпсіз түрде мектеп ғимаратынан эвакуацияланып, қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұжымның жедел ұйымдасу қабілетін тексеру болды.
Оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар белгіленген талаптарды толық орындады.