Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Кенгуру - математика барлығы үшін» математикалық сайысы
13
октябрь
2023
«Кенгуру - математика барлығы үшін» математикалық сайысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және сол пәнге олардың қызығушылықтарын арттырып, дарынды балаларды айқындау мақсатында, 2023  жылғы кыркуйек айында 3-11 сынып оқушыларының арасында «Кенгуру - математика барлығы үшін» математикалық сайысы  атты Халықаралық математикалық ойынын өткізді. Өткен олимпиадаға Г Мусирепов атындагы №86 мектеп-гимназиясынын 3 в сыныбынын бирнеше оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Қарттар мерекесіне орай «Қарты бар ел – қазыналы ел»
13
октябрь
2023
Қарттар мерекесіне орай «Қарты бар ел – қазыналы ел»
Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды, үлкенді сыйлай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 10-сыныптар 1-қазан халықаралық қарттар мерекесіне орай «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты іс-шара өткізді. Мерекелік шараға метебіміздің ардагер ұстаздары шақырылыды. Кеште Абайдың «Көзімнің қарасы» әні хормен тыңдалып, ретро әндерден флешмоб биледі. Көнеден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы қобыздан сазды әуендер тыңдалып, қос ішекті домбырамен күй айтысы өтті. Мерекелік кеш
Сартай Нұртуған 1 орын жеңімпазы атанып, Республикалық кезеңге жолдама алды!
12
октябрь
2023
Сартай Нұртуған 1 орын жеңімпазы атанып, Республикалық кезеңге
Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен"Балалар әлемі" жобасы аясында Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңінде 9 "Г" сынып оқушысы  Сартай Нұртуған 1 орын жеңімпазы атанып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Унербаева Айнұр. Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз. Жеңісті күндер көп болып, мектебіміздің абыройы арта
6-емхана дәрігерлерінен дәріс
12
октябрь
2023
6-емхана дәрігерлерінен дәріс
Қызылша – бұл ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрының немесе тамағының бөлінісімен тікелей байланыста болатындығы жөнінде мектеп оқушылары мен ұстаздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәрісті 6-емхана дәрігерлері Илалова Айгерим Абдреймовна, Медеров Нурислам Бауржанович, Бобекбаева Индира Ашимхановна, Жыланбаева Гульнара Каленовна жүргізді. Дәрісте Аурудың алдын
А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева, Ж.Сатымбаевамен тамашалап қайтты
12
октябрь
2023
А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б”
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін қасиетті есім. А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді, яғни, ғалымның үйін 8 “А”, 8 “Б” сынып оқушылары сынып жетекшілері Н.Жылқыбаева, Ж.Сатымбаевамен тамашалап қайтты. Музей-үй төрт бөлме және бір жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі – ахметтану дәрісханасы. Үш залда ғалымның шығармашылық ғұмырына қатысты экспонаттар жасақталған.                                            Бірінші зал: «Ұлттық рухымыздың қайта оралуы», Екінші зал: «Қазақ санасының шамшырағы», ал
Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм
11
октябрь
2023
Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм
«Міржақып. Оян, Қазақ» — Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм. Фильм Қазақстан ұлттық телеарнасының қолдауымен түсірілген 6-сериялық сериал негізінде дайындалды. 2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты. Тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті. Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз
Мектепте балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау қызметі құрылды
10
октябрь
2023
Мектепте балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға
Мектепте балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау қызметі құрылды.  Педагогикалық қолдау қызметі кұрамы келесі құраммен бекітілді: 1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Баетова Г.К. 2. Аға тәлімгер: Ахметжанова Э.Т. 3. Арнайы маман: Есбембетова Ж. 4. Әлеуметтік педагог: Асемқұл М.А 5. Педагог-психолог: Нүсүпбек А.Ғ., Джакаева Г.Ж. 6. Сынып жетекшісі: Ниязбекова Г. 7. Сынып жетекшісі: Саттыбаева С. 8. Сынып жетекшісі: Өтеулиева А. 9.
«Атамның өсиеті – үлгі маған» сынып сағаты
10
октябрь
2023
«Атамның өсиеті – үлгі маған» сынып сағаты
 Өсиет – жазбаша түрде немесе ауызша айтылып, қалдырылған ақыл-кеңес, талап-тілек. Өсиетті көсем – ел-жұртына, ұстаз – шәкіртіне, әке – баласына қалдырады. Мұрагерлер өсиетті бұлжытпай орындауға тырысқан. Қазақтың әдеттік құқы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер марқұмның балалары, әйелі, аға-інілері, жақын туыстары, қала берді аталас ағайындары болған. 1-11 сыныптары арасында «Атамның өсиеті – үлгі маған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Филология пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
10
октябрь
2023
Филология пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп гимназиясында 10.10.2023 - 20.10.2023 күндері аралығында Филология   пәндері  мұғалімдерінің  әдістемелік   бірлестігінің  «Тіл- достықтың алтын діңгегі», «Язык- основа дружбы», «Language is a golden pillar of friendship» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуына байланысты таңғы ауысымда мектеп ұстаздары мен мектеп оқушыларына керекмет көңіл-күй сыйлады. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында
"Дублер күні" қорытындылау отырысы
09
октябрь
2023
"Дублер күні" қорытындылау отырысы
Балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылған "Дублер күні" қорытындылау үшін "Өзін-өзі басқару" ұйымымен отырысы өткізілді.