Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» онкүндігінің жабылуы
06
октябрь
2023
«Болашаққа - білімді,өнерлі дені сау ұрпақты жетелеу» онкүндігінің
Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай салауатты өмір салтын  насихаттап, спорттың әр түріне қызығушылығын ояту және еңбекті ұштастыра отырып, ән-күй және қол өнері шеберлігін, шығармашылықтарын дамыту мақсатында  «Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбында эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің жабылуы салтанатты түрде өткізілді.
«Дублёр күні» өткізілді
05
октябрь
2023
«Дублёр күні» өткізілді
Мұғалімдер күніне арналған мектепте білім алушылардың "Өзін-өзі басқару" ұйымынан «Дублёр күні» өткізілді!!! Мақсаты : балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау. Дублёр күні кезінде лауазымы мектеп оқушысымен ауыстырылатын адамдар оларды алмастыратын оқушымен егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізді.
"Ұстаз - мектептің жүрегі" тақырыбында меркелік іс-шара
05
октябрь
2023
"Ұстаз - мектептің жүрегі" тақырыбында меркелік іс-шара
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектері бар, "5 қазан - ұстаздар күніне" орай мектебімізде 11 сынып оқушылары  "Ұстаз - мектептің жүрегі" тақырыбында меркелік іс-шара өткізді. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
“Әке, Шеше және Мен” атты 2-сыныптар арасында отбасылық эстафета жарысы
04
октябрь
2023
“Әке, Шеше және Мен” атты 2-сыныптар арасында отбасылық эстафета
Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай салауатты өмір салтын  насихаттап, спорттың әр түріне қызығушылығын ояту және еңбекті ұштастыра отырып, ән-күй және қол өнері шеберлігін, шығармашылықтарын дамыту мақсатында  «Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбында эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің барысында Тұрсынәлі Н. мен Мақсұтов Б.М. ұйымдастыруымен “Әке, Шеше және Мен” тақырыбында
«International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі.
04
октябрь
2023
«International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі.
2023 жылғы 2-7 қазан аралығында «Ali Group› білім және мәдениет, медиа компаниясының ұйымдастыруымен «Bilim» ЖШС бастамасымен «International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесін 10”Б” сынып оқушылары, сынып жетекшісі Дәкенова Назым, әлеусеттік педагог Асемқұл Марал апайлармен тамашалап қайтты.
"Ұстаз - мектептің жүрегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
03
октябрь
2023
"Ұстаз - мектептің жүрегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектері бар, "5 қазан - ұстаздар күніне" орай мектебімізде сыныптары аралығында "Ұстаз - мектептің жүрегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
"Өнерлінің қолы алтын" атты көрме ұйымдастырылды
02
октябрь
2023
"Өнерлінің қолы алтын" атты көрме ұйымдастырылды
"Болашаққа білімді, өнерлі,дені сау ұрпақты жетелеу" тақырыбындағы эстетикалық пәндер бірлестігі апталығында сұлулыққа жаны құмар, он саусағынан өнерлері тамған көркем еңбек пәні ұстаздары "Өнерлінің қолы алтын" атты тамаша көрме ұйымдастырды.
«Ал, кәнекей, қыздар!» атты жас шеберлер сайысы
02
октябрь
2023
«Ал, кәнекей, қыздар!» атты жас шеберлер сайысы
"Болашаққа білімді, өнерлі,дені сау ұрпақты жетелеу" онкүндігі аясында, көркем еңбек пәні мұғалімдері Р.Сабенова мен А.Карабатырованың ұйымдастыруымен, қыздардың бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу; қыз балаларды өзін - өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу; қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында 6 “А,Б,В,Г,Д” сыныптары қыздарының арасында «Ал, кәнекей, қыздар!»
Мектепішілік қыздар арасында волейболдан сайыс өткізілді.
29
сентябрь
2023
Мектепішілік қыздар арасында волейболдан сайыс өткізілді.
«Болашаққа - білімді, өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбында эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің барысында мектеп ұстаздары мен оқушылары арасында дене шынықтыру пәні ұстаздары А.Т.Қабықбаев, Р.Б.Байжиеновтің ұйымдастыруымен мектепішілік қыздар арасында волейболдан сайыс өткізілді. Жарыс өте қызу өтті.
"Таэквондо Опен" Халықаралық турнирінде Сундетбай Айдана 1-орынды ел қоржынына салды.
27
сентябрь
2023
"Таэквондо Опен" Халықаралық турнирінде Сундетбай Айдана 1-орынды ел
Сербия Республикасы, Белгород қаласында өткен Таэквондодан "Таэквондо Опен" Халықаралық турнирінде Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясының 11 "Г" сынып оқушысы Сундетбай Айдана 52 келі салмақ дәрежесінде белдесуден 1-орынды ел қоржынына байлады. Айдананың табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіреміз.