Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиянда «1 Мамыр – Қазақстан
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиянда «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арналған «Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл күн – еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығын паш ететін ерекше мейрам. Қазақстан – көптеген ұлт өкілдерінің ортақ шаңырағы. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Іс-шара фестиваль түрінде 6 сыныптар арасында өтті. Сыныптар қазақ, орыс, өзбек, үнді, кәріс және