Мектептің тарихы » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2015

Мектептің тарихы

1977 жылы мектептің ірге тасы қаланды. Мектеп 1980 жылы қазақ мектебі болып қайта ұйымдастырылып, 1992 жылы гимназия ретінде ашылды. 1995 жылы №86 мектеп-гимназия білімі және тәрбие саласында жоғары нәтижеге жеткендігін куәландыратын заңды сертификатқа ие болды. 1996 жылы қараша айында конкурсқа ұсынылған жаңа типтегі гуманитарлық №86 мектеп-гимназиясының оқу бағдарламасы американдық Сорос-Қазақстан қорының грант сыйлығымен марапатталды. Америка штатының Тусон қаласына білім саласының тәжірибе алмасу бағдарламасымен №86мектеп-гимназиясы оқушыларынан делегаттар барып, олардан келген делегаттар мектепке қабылданды. 1998 жылы қала әкімінің «Ең жақсы мектептер» конкурсында ІІ жүлделі орынды мектеп ұжымы жеңіп алды.
2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы әкімдігі «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына қатысып, дипломмен марапатталды.