№3 директор жанындағы кеңес өткізілді » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2020

№3 директор жанындағы кеңес өткізілді

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияда 2020-2021 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың жоспарына сәйкес 03.11.2020 күні сағат 19:00 де онлайн режимінде, Zoom платформасында кезекті №3 директор жанындағы кеңес өткізілді.Кеңеске ұжымның 100 мүшесі қатысты. Мектеп директоры Мусаева Қалдықыз Айтжанқызы бүгінгі кеңестің күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
1. 5-сыныптарды жаңартылған білім мазмұнына сәйкес бақылауды зерделеу.
2. 7-8 сыныптардағы география пәнінен оқушылардың сыни ойлау деңгейін қалыптастыруын бақылау. 3.1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін зерделеу, тексеру нәтижесі.
4. Денсаулығына байланысты дене шынықтыру пәнінен босатылған және «Д» есебінде тұратын оқушылардың анықтамаларын тексеру есебі.
5. 1-11 электронды журналдарының (Online mektep, күнделік.kz.)жүргізілу барысы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланды.
Директор жанындағы кеңес қаралған мәселелерді талқылай келе 5 тармақтан тұратын Қаулы қабылдады.Тоқсан аяғы жақындауына орай, күнделікті дұрыс толтыру, білім платформасында тиімді жұмыс істеудің талаптары таныстырылды.