"Желтоқсан оқиғасы-ұлт рухының биік белесі" » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2020

"Желтоқсан оқиғасы-ұлт рухының биік белесі"

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Желтоқсан оқиғасы-ұлт рухының биік белесі" тақырыбында "Еңбек ардагері","Ерен еңбегі үшін",ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл, 25 жыл" мерекелік медальдарының,"Намыс" орденінің иегері, Қоғам қайраткері, ардагер ұстаз Дәрия Әбіқұлқызы Сарқытбаевамен кездесу өтті. Кеш барысы тәуелсіздікті жырлаған ақындарымыздың өлеңдерімен айшықтала түсті.
Кездесу барысында тәлімі мен тағылымы мол тақырыптарды әңгіме жүргізілді. Айтары көп Д.Әбіқұлқызы тарих бетіне айналған естеліктерімен бөлісе отырып, тәрбиенің тал бесігі Отанға, отбасына деген сүйіспеншілік пен адалдықтан басталатындығына тоқталды. Оқушыларымыздың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап бере отырып, мәңгілік елдің жарқын болашағы қазақтың бүгінгі білімді, батыл, намысшыл, қажырлы, елім дейтін елжанды ұрпақтарымыздың еншісінде екендігін атап көрсетті. Оқушылардың көңіліндегі көп сұрақтардың түйіткісі шешілді. Тәуелсіздіктің елімізге қандай жолмен келгендігі туралы, не үшін жас ұрпақ осы тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтау керектігі туралы баға жетпес ақыл-кеңестер берілді.
Қилы заманның куәгері, еліміздің тәуелсіздік жолындағы еңбектерімен танысқан ұл-қыздарымыздың көкірек көзіне болашаққа деген сенімді ұялатып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырғанына сенімдіміз! Кеш соңында Д.Әбіқұлқызы оқушылардың тілегі бойынша, ақ батасын беріп,алғысын білдірді.
Осындай тарихтың еншісінде қалатын тағылымы көп кешті ұйымдастарған мектеп -гимназия директоры Қ.А.Мусаева, директордың тәрбие ісінің орынбасары С.Жақыпбекова және тарих пәнінің мұғалімі, 7"В" сынып жетекшісі А.Өтеулиеваға алғыс білдіреміз!!!
Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!



"Желтоқсан оқиғасы-ұлт рухының биік  белесі"