12
сентябрь
2023
8-сыныптар арасында «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты танымдық кеші
12.09.2023 күні тілдер мерекесіне орай, 8-сыныптар арасында «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты танымдық кеш өтті.
Кештің мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту. Халықты ояту, санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету мақсатында жазған мысалдарын оқушы жүрегіне сіңіре отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттау.
8-сынып оқушылары ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының мысал өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде рөлге бөліп оқыды. Кеш барысында оқушылар М.Шахановтың «Рух пен тіл» атты әнін орындады.
Кеш аясында 8 «А» сынып оқушылары қазақ тілінде «Кісі мен арыстан» мысалын оқыса, ағылшын тілінде «Қасқыр мен мысық» мысалын рөлге бөліп жатқа оқыды. 8 «Б» сыныбы «Қартайған арыстан» мысалын қазақ тілінде рөлге бөліп оқыса, орыс тілінде А.Байтұрсынұлының 40 мысалынан мәлімет айтты. Кешіміздің қонағы 4 «Б» сыныбы Төрегелді Алдияр «Квартет» атты мысалды орыс тілінде мәнерлеп оқыды. 8 «В» сыныбы «Қасқыр мен қозы» атты мысалын қазақ тілінде оқыды. . 8 «Г» сынып оқушылары «Егіннің бастары» өлеңін рөлге бөліп оқыды. Кешке қатысқан ұстаздар, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Жауапты ұстаздар: Сатымбаева Жанар, Шарап Аягөз, Дуйсенова Хатира, Қайсар Жібек.