«Жыр дүлділі – Мұқағали» » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2023

«Жыр дүлділі – Мұқағали»



































































































08.02.2023ж. Қазақстан Жазушылар кітапханасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай «Жыр дүлділі – Мұқағали» атты поэзия кеші 8 ақпан күні өтті. Кештің қадірлі қонағы Алматы қаласы, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Өмірбеков Айбол Ерікұлы сөз бастап, кешті ашып берді.
Кештің қонақтары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, мәдениет қайреткері, Мұқағалитанушы, ҚР кино қайраткері, ҚР Киномотографиясының үздігі Шаяхмет Имашұлы, жазушы, «Қазақ» газетінің редакторы Әбділдабек Салықбай болды.
Кештің таңдаулы қонағы ретінде Ғ.Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясының оқушылары: Шәріпхан Қуаныш, Елемес Ұлпан, Аманбек Айнара, Айбота Ақниет, Молдақасым Бақытжан, Қажымұхан Арман, Берғалиқызы Диана, Айбат Аруай, Режеп Талғат қатысты. Талантты оқушылар қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқығанда, поэзия құдіретін танытты. Іс-шара соңында мәнерлеп оқуға қатысқан ең үздік оқушыларға Әуезов ауданыны әкімінің дипломымен марапатталды.