11
декабрь
2025
«Жас қыран» балалар ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 2-сынып оқушыларын «Жас қыран» балалар ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Шараның мақсаты – жас өрендердің бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар ұйымның эмблемасы мен туының маңыздылығымен танысып, ант қабылдап, «Жас қыран» төс белгілері табысталды. Балалардың қуанышы мен мақтаныш сезімдері олардың көздерінен көрініп тұрды.
Бұл күн — жас ұрпақтың елжандылыққа, тәртіп пен білімге алғашқы қадам жасаған маңызды сәті болды. Мектебіміз жаңа мүшелерін мақтан тұтады және олардан үлкен жетістіктер күтеміз!