11
декабрь
2025
«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушыларын «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Салтанатты жиын барысында оқушылар ұйымның мақсаты, міндеттері және мәртебесімен танысып, елімізге адал қызмет етуге ант берді. Жиын соңында 5-сыныпқа жаңадан қабылданған жасөспірімдерге «Жас ұлан» галстугы тағылып, арнайы куәліктер табысталды.
Бұл – өскелең ұрпақтың елжандылыққа, тәртіпке, білім мен мәдениетке деген бетбұрысының маңызды қадамы. Мектебіміз өз белсенді жасұландарын мақтан тұтады!