"Мектептің инновациялық қызметіндегі тәрбие жұмыстары" тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған республикалық семинары » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектептің инновациялық қызметіндегі тәрбие жұмыстары" тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған республикалық семинары
11
март
2022

"Мектептің инновациялық қызметіндегі тәрбие жұмыстары" тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған республикалық семинары











2022 жылдың 10 наурызында Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы ұйымдастырған «Мектептің инновациялық қызметіндегі тәрбие жұмыстары» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты тыңдаушылары, республиканың әр аймағынан келген мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары тәжірибе алмасты.
Семинар барысында мектеп директоры Мусаева Қалдықыз Айтжановна «Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт» тақырыбында мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының зерттеу жобаларын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақыпбекова Салия Нығметқызы «30 кітап, 30 ән» тәрбие жобасы мен «Үйдегі көне сурет тарихы» тәрбие жобасы (Padlet онлайн тақтасы арқылы) аясында, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы Google Classroom білім платформасында «Оқушылары кітап оқитын жетекші мектеп» тақырыбы, Ахметжанова Эльмира Талғатқызы «Телефонсыз бір күн» тәрбие жобаларының цифрландыруды іс тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, 7”А” сынып жетекшісі Б.Қ. Досқазиева “Бақытты сәт” интеллектуалды ойынын және 3 “В” сынып жетекшісі С.М. Узбекова “Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым” тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. 10 “А” сынып жетекшісі Р.К. Сабенова “Көркем сөздің шебері” атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды
Тәжірибе барысында қатысушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, білім ордасының ең үздік тәжірибелерімен танысты. Заманауи мектептің тәрбие үдерісін цифрландырудың озық технологияларымен байланысқан семинар өте сәтті өтті және қатысушылар тәрбие жобаларын өз тәжірибелеріне енгізу бойынша бағыт алды. Семинарды өте жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп басшысы Мусаева Қалдықыз Айтжановна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақыпбекова Салия Нығметқызы және мектеп ұжымына республикалық семинарға қатысушылар алғыс білдірді.