Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын өтті
14
декабрь
2023
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын
«Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік» тақырыбындағы тәрбие сағатын мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен бірге өтті. Мақсаты: 1.   16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі  екенін, оның  тарихын  түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен  таныстыру; 2.  Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру;  3.  Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды  сүюге тәрбиелеу;
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
12
декабрь
2023
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған «БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумының "Әлемді өзгерткен ғылым" номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 "Б" сынып оқушысы Даутбай Бекзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Махамбетова Ж.
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
12
декабрь
2023
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушыларының арасында "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
"Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті
06
декабрь
2023
"Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті
"Тарих тұтқасы бізге аманат тақырыбындағы" онкүндік аясында Г.К.Абажанованың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары  арасында тарих пәнінен "Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті!
"Педагог қызметкерлерін аттестаттау" ережесіндегі өзгертулер жобасы түсіндірілді.
01
декабрь
2023
"Педагог қызметкерлерін аттестаттау" ережесіндегі өзгертулер жобасы
"Педагог қызметкерлерін аттестаттау" ережесіндегі өзгертулер жобасын түсіндіру мақсатында Әуезов ауданындағы мектептердің мұғалімдеріне қалалық мемлекеттік ғылыми-техникалық білім беру орталығының әдіскері Мариева Ғазиза Ахылбекқызы мектебімізге келіп, семинар өткізді. Ұстаздар сұрақ қойып, жауап ала алды.
"Өз өмірің өз қолыңда" сынып сағаты өтті
28
ноябрь
2023
"Өз өмірің өз қолыңда" сынып сағаты өтті
Өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашып, сараптап, пайымдап, талдай отырып, өмірдің құндылығы, өмірге деген сүйіспеншілік туралы түсінік беру, өмірді сүюге, бағалауға баулу мақсатында 1 желтоқсан - ЖИТС-ке қарсы күніне орай "Өз өмірің өз қолыңда" тақырыбында сынып сағаты өтті. 
"Lumio" платформасының мүмкіндіктерін мұғалім контентінде қолдану
27
ноябрь
2023
"Lumio" платформасының мүмкіндіктерін мұғалім контентінде қолдану
Білім беру саласында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде 20.11.2023ж.-01.12.2023ж. аралығында жоспарланған жаратылытану-математика пәндер бірлестігінің "Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндік аясында Ж.Махамбетованың ұйымдастыруымен мектеп ұстаздарына ""Genially" платформасының мүмкіндіктерін мұғалім контентінде қолдану"  тақырыбында шебер сынып өтті.  
"Lumio" платформасының мүмкіндіктерін қолдану
24
ноябрь
2023
"Lumio" платформасының мүмкіндіктерін қолдану
Білім беру саласында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде 20.11.2023ж.-01.12.2023ж. аралығында жоспарланған жаратылытану-математика пәндер бірлестігінің "Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндік аясында С.Саттыбаеваның ұйымдастыруымен мектеп ұстаздарына ""Lumio" платформасының мүмкіндіктерін қолдану"  тақырыбында шебер сынып өтті.  
"Не? Қайда? Қашан?" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті
21
ноябрь
2023
"Не? Қайда? Қашан?" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті
Білім беру саласында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде 20.11.2023ж.-01.12.2023ж. аралығында жоспарланған жаратылытану-математика пәндер бірлестігінің "Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндік аясында, Ж.Кожамуратова, Ж.Махамбетова ұстаздардың ұйымдастыруымен 11 сыныптар арасында "Не? Қайда? Қашан?" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
"Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өткізілді.
20
ноябрь
2023
"Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өткізілді.
Білім беру саласында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде 20.11.2023ж.-01.12.2023ж. аралығында жоспарланған жаратылытану-математика пәндер бірлестігінің "Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өткізілді. Онкүндікте белсенді болуға мектеп оқушылары мен ұстаздарымызды шақырамыз.