Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі басталды
16
январь
2024
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі
«Ұлтын сүю – ұлылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі басталды. Онкүндік 15.01-26.01. уақыт аралығында өтеді. «Ұлтын сүю – ұлылық» тақырыбында өтетін онкүндіктің мақсаты: «Бес арыс» және «Үш бәйтерек» аталған ұлылардың шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту. Мектеп ұстаздары мен оқушыларын онкүндікке белсене қатысуға шақырамыз!
“ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы  өтті
15
январь
2024
“ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында
Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау аясында “ Ақыл айтпа, жол көрсет”, “Жасөспірімдердің бейімделуі” тақырыбында 7 “А” сынып жетекшісі Қарабатырова Арайлым мен 8 “Б” сынып жетекшісі Сатымбаева Жанар бірігіп ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағын  өтті.  Сабақтың мақсаты: тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін айту, баламен қарым-қатынасты жақсарту. Сабақ басында ата-аналар өздерінің балаларының бастапқы әріпінен
«ҒАБЕҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ҚАЛАМГЕР. МУЗЕЙ. МУРА»
26
декабрь
2023
«ҒАБЕҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ҚАЛАМГЕР. МУЗЕЙ. МУРА»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Қаламбек пен А.Әбсейіттің жетекшілігімен  С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің  әдеби-мемориалдык музей кешенінде «ҒАБЕҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ҚАЛАМГЕР. МУЗЕЙ. МУРА» тақырыбында өтетін танымдық квест ойынына 5«Г,Д» сыньптарының оқушылары барып қайтты.Мұражайда түпнұсқа экспанаттармен танысып,сыйлыққа кітапша алып,естелік суретке түсіп қайтты.
"Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы"
19
декабрь
2023
"Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы"
Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу мақсатында 1-11 сынып оқу "Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын өтті
14
декабрь
2023
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын
«Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік» тақырыбындағы тәрбие сағатын мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен бірге өтті. Мақсаты: 1.   16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі  екенін, оның  тарихын  түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен  таныстыру; 2.  Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру;  3.  Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды  сүюге тәрбиелеу;
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
12
декабрь
2023
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған «БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумының "Әлемді өзгерткен ғылым" номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 "Б" сынып оқушысы Даутбай Бекзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Махамбетова Ж.
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
12
декабрь
2023
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушыларының арасында "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
"Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті
06
декабрь
2023
"Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті
"Тарих тұтқасы бізге аманат тақырыбындағы" онкүндік аясында Г.К.Абажанованың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары  арасында тарих пәнінен "Жүзден жүйрік" интеллектуалдық сайысы өтті!
«Сызық бойынша жүру» робот сайысы
04
декабрь
2023
«Сызық бойынша жүру» робот сайысы
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауы аясында «Робототехника және инновациялық» жобалар бойынша дарынды оқушыларды анықтау және жетістікке жетелеу мақсатында №119 мектеп-лицейі және «Алматы дарыны» орталығы бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткен  «UPGRADE INNOVATION AHD ROBOT X» атты қалалық байқауында «Сызық бойынша жүру» робот жарысына белсене қатысқаны үшін 5 «Г» сынып оқушысы Абдукайм Ақжүрек дипломмен марапатталып, бағалы сыйлық ұтып алды. Жетекшісі: информатика
«Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия сайты» тақырыбында жоба қорғап, дипломдармен марапатталды.
04
декабрь
2023
«Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия сайты» тақырыбында жоба
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауы аясында «Робототехника және инновациялық» жобалар бойынша дарынды оқушыларды анықтау және жетістікке жетелеу мақсатында №119 мектеп-лицейі және «Алматы дарыны» орталығы бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткен   « UPGRADE INNOVATION AHD ROBOT X » атты қалалық байқауында 11 «А» сынып оқушылары Жанатұлы Әли мен Сырлыбаев Диас «Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия сайты» тақырыбында жоба қорғап, дипломдармен марапатталды.