"Елбасы медалі" жобасының қола медаль жүлдегері » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2021

"Елбасы медалі" жобасының қола медаль жүлдегері



Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясында «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарламаға 10 "А " сынып оқушысы Болысбекова Алия қатысып қола медаль иегері атанды. Алия өзінің бос уақытында кітап оқығанды, классикалық музыкамен айналысып, фортепианода ойнағанды ұнатады. Алия қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жете меңгерген. Өзін-өзі жетілдіру барысында классикалық кітаптармен бірге, тұлғалық қасиеттерді дамытуда ағылшын тіліндегі кітаптарды көп оқиды. Өзінің биязы, көркем мінезі мен білімге деген құштарлығымен ерекшеленетін дарынды оқушымыз бағдарламаға қатысу арқылы, өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және өзін-өзі дамытуға қол жеткізгендігімен бөлісті.
Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болатындығын ескерсек, болашақты жоспарлау Алия үшін бүгіннен басталғанына көз жеткіземіз!
"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" жобасы аясында дарыны мен дағдысы шыңдалған шәкіртіміздің болашақта да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз!!! Алға қойған арман -мақсаттарың орындалып, болашағың жарқын болсын деп тілек білдіреміз💐💐💐