Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2020

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында Оразбек Әтіркүл Әбдібекқызының және «Самұрық» дебат клубының көшбасшылары 10 «В» сынып оқушылары Маратова Альбина мен Абай Тамиристің ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында қашықтан «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында дебат өткізілді.
Дебаттың өткізудегі мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейтіп, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбау қажеттілігін саналы түрде түсінуіне ықпал ете отырып, өз ойларын еркін айта алатын, білімді, саналы, жан-жақты тұлға қалыптастыру.
Дебат барысында екі топтан құралған дебатқа қатысушылар қазіргі таңда бала құқықтарының қаншалықты сақталатындығы және сақталмайтындығы туралы қызу талқылап, бала құқығын сақтауға бағытталған ұсыныстарын да атап айтты.
Балалар көп ізденіп, жан-жақты дайындалып, нақты фактілер арқылы әр сөздерін шеберлікпен жеткізе білді.
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында