11
декабрь
2020
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясында
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясында оқушылармен информатика пәнінің мұғалімдері Жуманова Зәуре мен Манап Мақпал ұйымдастырған, күзгі демалыс жоспары аясында "Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты онлайн тренинг сабағы өткізілді. Тренинг оқушылардың робототехникаға қызығушылығын арттырып, логикалық, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытуға және интернет желісін сауатты пайдалануға бағытталды.Қазіргі кезде құрастыру және бағдарламалау дағдылары адамзат қызметінің барлық саласында қажет. Осыған орай ойындарды оқытып-үйрету маңыздылығын игеруге тәрбиелеу.







