Жиналыс » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2020

Жиналыс

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында 2020-2021 оқу жылындағы педагогикалық кеңестің жылдық жоспарына сәйкес 06.11.2020 күні сағат 10:00 де онлайн режимінде Zoom платформасында кезекті «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Мектеп директоры Мусаева Қалдықыз Айтжанқызы бүгінгі кеңестің күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
1.Өткен педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы туралы
2. І тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім деңгейлерінің
көрсеткіш мониторингісі
3.Жаңартылған білім мазмұны бойынша ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы.
4.Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
5.Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың таным қабілеттерін арттырудың жолдары.
6. 5-11 сынып оқушыларының эмоционалдық тұрақтылығын бақылауды зерделеу.


Педагогикалық кеңестегі күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, 6
тармақтан
тұратын Қаулы қабылдады. Пән мұғалімдеріне «Оnline» режиміндегі тоқсандық жиынтық бағалау және бөлім бойынша жиынтық бағалау алу кезінде оқушыларға академиялық адалдық принциптерін түсіндіре отырып, тапсырмаларды өз бетінше адал орындауға үйрету тапсырылды.