Халықаралық "Промотей жұлдызы" жас таланттар байқауының жеңімпазы Сүндетбай Айдана » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Халықаралық "Промотей жұлдызы" жас таланттар байқауының жеңімпазы Сүндетбай Айдана
06
апрель
2022

Халықаралық "Промотей жұлдызы" жас таланттар байқауының жеңімпазы Сүндетбай Айдана









Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз белгілі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, мінезі қайсар, шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне, қызығушылығына байланысты болады.
Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.
Осы бір тамаша бастаманы балалық шағынан өз өмірінің мақсатына айналдырған балауса балапан қыз Сүндетбай Айдана Басбатырқызы, бүгінгі таңда үлкен белестерді бағындырып, таэквондо спортында жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, Азия, Әлем чемпиондарының жүлдегері атанып, 13 жасында «Таэквондадан спорт шебері» атағын алды.
Талантты, дарынды оқушыларымызды қолдау, басқа оқушыларға үлгі өнеге тұту мақсатында биылғы 2021-2022 оқу жылында директордың тәрбие ісі орынбасары Салия Нығметқызының бастамасымен мектеп әкімшілігі 9 «В» сынып оқушысы Сүндетбай Айдананы Санкт-Петербургте өтетін «ПРОМЕТЕЙ ЖҰЛДЫЗЫ» Халықаралық жас таланттар байқауына ұсынған болатын. Байқау жас таланттарды, олардың білімге, рухани мұратқа ұмтылуын қолдау мақсатында өткізіледі. Жоба 1996 жылы Санкт-Петербургтің көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, оның ішінде Дүниежүзілік Петербургтіктер клубының президенті, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры М.Б. Пиотровскийдің бастамасымен 26 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. «Прометей жұлдызы» ресейлік және халықаралық олимпиадаларда, байқауларда өзін танытқан 14-17 жас аралығындағы балаларға беріледі. Жеңімпаздар «Ғылым», «Ғылыми-техникалық шығармашылық», «Жас көшбасшы», «Спорт», «Журналистика» атты бес номинация бойынша анықталады.
Осы байқау аясында 13 кандидат жеңіске қол жеткізсе, соның бірегейі талабымен табандылық танытқан Айдана Басбатырқызы «Спорт» номинациясы лауреат атанғанын мақтанышпен айтамыз! Айдананың осындай үлкен жетістіктерінің артында бала тәрбиесінде аянбай тер төккен ата-анасы, тренері Аймолдаев Бекзат Ерланұлы және мектеп ұстаздарының ерен еңбегі бар екенін атап өтпеу мүмкін емес.
Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындары, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде оларға дұрыс бағыт беріп, армандарын айқындауда жол көрсете алсақ ұстаздық, ата-аналық міндетімізді дұрыс атқарғандығымыз деп білемін.
Айдана қызымызға қазақ елінің мақтанышы болып, бағындырар белестерің, алар асуларың көп болсын деп тілек білдіреміз!!! Алдағы жарыстарда да биік шыңдарды бағындырып, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ болады деген сенімдеміз!!!