Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, Қазакстанның таэквандо спортының Спорт шебері 8 "В" сынып оқушысы Сүндетбай Айдана-мектеп мақтанышы! » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, Қазакстанның таэквандо спортының Спорт шебері 8 "В" сынып оқушысы Сүндетбай Айдана-мектеп мақтанышы!
08
апрель
2021

Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, Қазакстанның таэквандо спортының Спорт шебері 8 "В" сынып оқушысы Сүндетбай Айдана-мектеп мақтанышы!








Ғ. Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясының 8 "В" сынып оқушысы Сүндетбай Айдана Басбатырқызы
Таэквондомен 4,5 жасынан айналысады.
7 жасында 18 кг салмақта Қазақстан чемпионы атағын алды. Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, Қазакстанның таэквандо спортының Спорт шебері ! 13 жасында осындай атаққа қол жеткізген дарынды оқушымыздың бойынан табандылық, қайсар мінез бен ерік -жігерді көруге болады. Бұл дәрежеге қол жеткізу Айдана мен оның ата- анасы, жаттықтырушысы тарапынан ерең еңбекті талап еткені анық. Айдананың жетістіктерімен таныса отырыңыздар:
* Қазакстанның 7 дүркін чемпионы;
*Ашық Азия чемпионы;
*2018 жыл Ақтау қаласы кадеттер арасында 1 жүлделі орын иегері;
*2019 жыл Иордания Оман қаласы Азия чемпионаты 2 орын жүлдегері;
*2019 жыл Өзбекістан Ташкент қаласы Әлем Чемпионаты кадеттер арасында 3 орын;
*2019 жыл Россия Санкт-Петербург Ашық Европа бірінші лигасы кадеттер арасы 1 орын;
*2020 жыл Фуджера опен ОАЭ Дубай 1 орын
және көптеген Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық турнирлердің жеңімпазы.
Талап пен талантты қатар шыңдай білген шәкіртімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, алар асуларың көп болсын деп тілек білдіреміз! Құрбы-достарына үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге болған жас дарынымызға әрқашан сәттілік тілейміз!!!