Последние публикации на сайте » Страница 60 » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзиялық кеш
27
февраль
2023
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзиялық кеш
24.02.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатымбаева Жанар Манатқызы 7 «Б» сыныбымен шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын, өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзиялық кеш өткізді. Кеш аясында оқуышылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады, «Аққулар ұйқтағанда» поэмасынан көрініс қойды. Кеш қонақтары
«Саламын сөзімнен бір алтын сарай» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ
27
февраль
2023
«Саламын сөзімнен бір алтын сарай» тақырыбында сыныптан тыс сайыс
21.02.2023 жылы Оспанова Айман Қадырқызы мен Сагидолда Аяжан Ерланқызының ұйымдастыруымен 7 - сыныптарда «Саламын сөзімнен бір алтын сарай» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ өтті. Оқушылар «Үздік қойылым», «Жасырынған сұрақтар», «Алғыр ойлы топбасшы» бөлімдері бойынша шешендік сөз өнерінен көрініс көрсетті, білім, білік дағдылары, шапшаң ойлау қабілеттері сынға түсті. Сайыста оқушылар өз ойларын шығармашылықпен еркін жеткізді, мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Жүзден біреу шешен, Мыңнан біреу көсем» сыныптан тыс танымдық сабақ
27
февраль
2023
«Жүзден біреу шешен, Мыңнан біреу көсем» сыныптан тыс танымдық сабақ
 24.02.2023 жылы Досқазиева Ботагөз 6«А, Б, В» сыныптарында «Жүзден біреу шешен, Мыңнан біреу көсем» сыныптан тыс танымдық сабақ өтті. 1.«Сәлем – сөздің анасы». Әр топ өздерін таныстырды. 2.​Үй тапсырмасы. Әр топ өздері дайындаған таныстырылымы мен сахналық қойылымын көрсетеді. Топтардың көрінісін тамашалау. 3.​Блиц-турнир. 4.​Кім жылдам? Жаңылтпаш айту. 5. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақал-мәтелдердегі шешендік сөздер. 6.​«Құпия сандық». 7.​Капитандар жекпе-жегі. Жалпы сабақта оқушылардың жан-жақты
«Хас тұлпардай, жас тұлпар еді» тақырыбында «Жас тұлпар» ұйымының мүшелерімен кездесу кеші
27
февраль
2023
«Хас тұлпардай, жас тұлпар еді» тақырыбында «Жас тұлпар» ұйымының
23.02.2023 жылы Богыбаева Ұлдана, Шалқарбаева Нышангүл, Унербаева Айнұр «Хас тұлпардай, жас тұлпар еді» тақырыбында «Жас тұлпар» ұйымының мүшелерімен кездесу кешін өткізді. «Жас тұлпар» ұйымының мүшесі Мәдениет қайраткері Катаев Марат Жайлаубайұлымен кездесу барысында шығармашылық еңбектеріне байланысты сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар алынып, оқушылармен пікір алмасты. Кеште оқушылар «Армандастар» әнін айтып, шешендік сөздерді мәнерлеп оқыды. «Жас тұлпар» ұйымы туралы тың деректермен
«Ұлпан» романының өміршеңдігі» тақырыбында ашық сабақ
27
февраль
2023
«Ұлпан» романының өміршеңдігі» тақырыбында ашық сабақ
23.02.2023 жылы Шалқарбаева Нышангүл Әбілқашқызы 9 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының23.02.2023 жылы Шалқарбаева Нышангүл Әбілқашқызы 9 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының өміршеңдігі» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Кейіпкер бейнесін сомдау», «Кубизм» әдістерін қолданды. Сабақта білім алушылар өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы олардың жауапкершілік сезімін қалыптастырды  өміршеңдігі» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Кейіпкер
«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің әлеуметтік сипаты тақырыбында ашық сабақ
27
февраль
2023
«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің әлеуметтік сипаты тақырыбында
22.02.2023 жылы Сагидолда Аяжан 6 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен О. Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің әлеуметтік сипаты тақырыбында ашық сабақ өтті. Психологиялық жағымды ахуал туғызып, сыныпты мақал арқылы топқа бөлді. Оқушылар «Тортай мінер ақбоз ат» шығармасындағы табиғат көрінісі бойынша сыни хабарлама жаздыру арқылы оларды көркем шығарманың құндылығын түсінуге баулыды.
«Тіл сақшысы» тақырыбында зерттеу сабағы
27
февраль
2023
«Тіл сақшысы» тақырыбында зерттеу сабағы
22.02.2023 жылы Ахметова Ләззат Қасенқызы 10-сыныптарда «Тіл сақшысы» тақырыбында зерттеу сабағын өтті. Сабақтың бірінші кезеңінде Тіл сақшыларының мүшелері өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды. Телеарнаның кейбір бағдарламасындағы ана тілінің жағдайы туралы 10«В» сынып оқушысы Әбітаева Нұрдана өз ойымен бөлісті. Қаламызда жарнамаларда жіберілген олқылықтар туралы 10 «Г» сынып оқушысы Тайлан Жанель өз көзқарасын білдірді. Мектептегі кейбір оқушылардан алынған сауалнамада
«Жеті ата – елтанудың бастауы» тақырыбында ашық сабақ
27
февраль
2023
«Жеті ата – елтанудың бастауы» тақырыбында ашық сабақ
21.02.2023 жылы Әбсейіт Ақару Әбдезханқызы 6 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жеті ата – елтанудың бастауы» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Банкомат» әдісі арқылы оқушылардың білімі тексерілді. Мәтіннің атауын талқылап және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжады. «Пошта» жәшігі арқылы рефлексия жасалды. Оқушыларға берілген тапсырмалар жас ерекшелігіне сәйкес, жүйелі құрылған.
«Жүзу спорты» тақырыбында ашық сабақ
27
февраль
2023
«Жүзу спорты» тақырыбында ашық сабақ
21.02.2023 жылы Богыбаева Ұлдана Ондасынқызы қазақ тілі пәнінен «Жүзу спорты» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Аквариум» әдісімен оқушыларды төрт топқа бөлді Оқушылар «Жүзу спорты» туралы бейнежазба тыңдап, етіс түрлерін қолданып өмірбаян жазды, «learningapps» қосымшасы арқылы суреттерді бір-бірімен сәйкестендіріп, етістіктің, етістің түрлерін қолданып, сөз тіркестерін құрады. Сабақта оқушылар берілген тапсырмаға қызығып, белсенді қатысты.