23
январь
2023
Пушкин балы









…Сиянье люстр и зыбь зеркал
Слились в один мираж хрустальный.
И веет, веет ветер бальный
Теплом душистых опахал…
А. С. Пушкин. 24.01.2023ж. Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы No86 мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбаева Раушан Дүйсенбайқызының жетекшілігімен алғашқы Пушкин балы өтті. Балға 8 А, Б, В, Г, Д сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Бостон вальсі», «Таныстық вальс», «Француздық вальс», «Мазурка» және «Полонез» биледі. Олар «Евгений Онегин» романынан үзінді ойнап, актерлік шеберлікте де өздерін жоғары көрсетті. Мектеп-гимназия оқушылары жиналғандарды 19 ғасыр дәуірімен таныстырды. Амандасу, биге шақыру, оларға қамқорлық жасау, әңгімені жалғастыру, билей білу, қоғамда қалу жағынан әдептілік танытты.