«Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші
18
сентябрь
2023

«Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында тіл мерекесіне орай, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттың жаны, халықтың – үні» атты кездесу кеші өтті. Кештің қадірлі қонағы, қазақ поэзиясына өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында келген қазақтың талантты ақындарының бірі, қазақ тележурналистикасында өз қолтаңбасын қалыптастырған публицист, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, қазақ телевизиясының ардагері, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Жұмаш Айтжұманұлы Кенебай келді. Қонағымыз Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп мұражайын тамашалады. Мұражай жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы  мұражай ішін таныстырды.  
Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатымбаева Жанар мен 11 «А» сынып оқушысы Құрмаш Бахтияр жүргізді. Кеш шымылдығы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының директоры Сарбағысов Асқар Темірханұлының алғысөзімен ашылды.   
Кеште «Нұрлысаз» ансамбілінің халық күйі «Салкүреңді» орындады. М.Шахановтың сөзі, әніне жазылған «Рух пен тіл» атты әнді 10 «А» сынып оқушылары Әбілхаш Мирас пен Ренат Алмаз және 8 «Б» сынып оқушысы Мелдебек Жұбаныштар орындап көрермен көзайымына айналды.  
Мәнерлеп оқудың шеберлері деп 11 «Г» сынып оқушысы Шәріпхан Қуаныш, 11 «А» сынып Маратов Ерасыл, 9 «Г» сынып оқушысы Тайлан Дінмұхамед, 8 «А» сынып оқушысы Жанықұл Алтынайларды атауға болады. Кеш қонағы Жұмаш Айтжұманұлы Кенебайдың өлеңдерін 11 «А» сынып оқушылары мәнерлеп оқып берді.  Азия даусында өнер көрсеткен «Айналайын» би тобы өз өнерлерін ортаға салудан алдарына жан салмады. 6 «А» сыныбының өнерлі қыздары «Алматы – әсем қалам» атты керемет ән орындады. Кеш аясында шәкірттер ақынның жалынды жырларымен сусындап, ақын өмірінің қызықты оқиға-естеліктерін тыңдады. Жұмаш Кенебай кездесу соңында шәкірттерге өз ұлтымызға адал қызмет ететін ұрпақтан болыңыздар деп ақ тілегін білдірді. Ұстаздар мен шәкірттердің есінде қаларлықтай мәнді кеш болғанына сенімдіміз!