«Оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы» семинары » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы» семинары
07
февраль
2024

«Оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы» семинары

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп –гимназиясының  бастауыш сынып бірлестігі ұйымдастырып отырған аудандық семинар

Тақырыбы: «Оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы»
Семинардың мақсаты: Жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, азаматтық мәдениетті, адами қасиеті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеуде оқу -тәрбие процесін ұлттық құндылыққа негіздей ұйымдастыру жолдарын іс-тәжірибе арқылы тарату.
Семинарға қатысушыларды ұлттық салт-дәстүрмен,қазақтың ұлттық ойындарын ойнатып қарсы алды. Қатысушылар «қыс қызықтары» оқушылардың сурет көрмесін және жазба жұмыстары бойынша дәптерлер көрмесін тамашалады. “2В” сыныбында С.Жангирбаева қазақ тілінен « Сөз таптары» тақырыбында, 4 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Пайдалы қазба деген не?» тақырыбында және 2 «Д» сыныбында  жаратылыстанудан
« Ғаламшарлар қандай болады?» тақырыбында, 4 «А»сыныбында әдебиеттік оқудан «Отамалы» және ағылшын тілінен « Weather»  тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізілді.Қатысушылар ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Педагогикалық қолдау бағдарламаларын іске асырудың сәттілігі көбінесе сабақ жүргізетін мұғалімдерге байланысты. Ол үшін әркім қарастырылып отырған мәселелердің мазмұнын терең түсініп, ұсынылған әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы ата-анамен қарым- қатынас туғызады. Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау беру мақсатында «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес «Ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында коучинг өткізілді.
«Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында мектебімізде жыл сайын жүзеге асырылатын «30 кітап,30 ән» коворкинг алаңының жұмысы  жалғасын тауып келеді.Осы коворкинг алаңында ұйымдастырылған қазақ және басқа  ұлттың ертегілері сыныптар арасында биылғы оқу жылында да ұйымдастырылған болатын.
Жақсы тәрбиелі тұлға қалыптастыруда бір-бірімізден тәжірбие алмасу арқасында нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймыз. Сол тәжірибе алмасу жолында құс қанатымен су сепкендей,әріптестер арасында көмек жасай алсақ барлық істе нәтижелі болатынымыз анық. Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы  бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастырумен өткен аудандық семинар соңы қазақтың салты қою күрең шаймен жалғасын тапты.