Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушының цифрлық дағдыларын дамыту
21
февраль
2025

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушының цифрлық дағдыларын дамыту


2025 жылдың 21 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушылары Есентаева Айжан Идрисовна мен Ибраева Жанар Мухаметкалиевна Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен бірігіп, педагогтерді курстан кейінгі қолдау әрекеті жоспарына сәйкес  «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушының цифрлық    дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар   өткізді.

          Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық технологияны,  жасанды      интеллект (ЖИ) технологиясының мүмкіндіктерін оқу процесінде тиімді қолдану бойынша білім мен дағдыларды зерделеу,   оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдермен   тәжірибе алмасу.

Мектептің директоры Сарбагысов Аскар Темирханович «Сингапур, Малайзия елдеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Директордың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Алаш идеясы» жобасы бойынша  үздік жұмыстар көрсетілді. Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмамұрат Жандос  «Алаш идеясы» жобасы бойынша гимназия жетістіктеріне тоқталып өтті. 

            Тәжірибелік бөлімде педагог-шебер  Л.Қ. Ахметова  «Цифрлық ресурстар – қазақ тілі мен әдебиетін  оқытудың  замануи құралы» шеберлік сабағын өтті. Білім беру ресустарындағы тапсырмалар түрін көрсетіп, «Napkin Ai» жасанды интеллектісін тиімді қолданды. 9 «Ә» сыныппен  Ж.М.Сатымбаева «Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының өміршеңдігі» ,   7 «Ә» сыныппен  педагог-шебер А.Қ. Оспанова    «Қазақтың дастарқаны –  береке-бірлік бастауы»,  А.А.Унербаева  10 «А» сыныппен Т.Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі», Н.А.Шалкарбаева  9 «В» сыныппен «Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынындағы жазушының образ сомдаудағы шеберлігі» тақырыптарын өту арқылы цифрлық білім ресурстарын тиімді қолдана отырып, жоғары кәсіби шеберліктерін байқатты. 

Педагог-зерттеуші Б.Қ.Досказиева  «Ғ.Мүсірепов – көркем сөз зергері» тақырыбында  мектеп мұражайында шағын таныстырылым жасады. 

Қорытынды бөлімде Ж.М. Ибраева мен   А.И. Есентаева қатысушылармен пікіалмасу алаңын ұйымдастырып,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылған цифрлы құралдардың тиімділігін талқылап, кері байланыс жасады.