"Американдық Парламенттік Формат" тақырыбында тренинг өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Американдық Парламенттік Формат" тақырыбында тренинг өткізілді.
15
январь
2021

"Американдық Парламенттік Формат" тақырыбында тренинг өткізілді.

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақыпбекова Сәлия Нығметқызы мен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жетекшісі Оразбек Әтіркүл Әбдібекқызының және Алматы Пікірсайыс Федерациясының Бас Төрешісі, "Атамекен" Интеллектуалдық Пікірсайыс клубының координаторы Әсембек Думан Амангелдіұлымен, Алматы Пікірсайыс Федерациясы "Подкаст" жобасының жүргізушісі, "Атамекен" ИПК мүшесі Батирова Жазира Жанибекқызының ұйымдастыруымен пікірсайыс "Американдық Парламенттік Формат" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларына тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты: Дебатқа қатысушыларға дебат ережесін меңгерту, оқушылардың дебатқа қызығушылығын арттыру және мектептің "Самұрық" дебат клубының жұмысын жандандыру.

Тренинг өте пайдалы болды.
Оқушылар тренинг барысында өздерін мазалайтын дебаттың ішкі мәдениеті, дәлелдемелерді жинау, баяндау, дебат ережелерімен танысты.

Оқушылар жолдастық тәжірибе алмасу үшін басқа мектептермен дебат ұйымдастыруға бола ма?-деген сұрақтар қойды.

Дебатқа қатысушылар әрдайым ізденіп, өз ойларын нақты жеткізуді басшылыққа алып, болашақта шынайы көшбасшы бола білуі керектігін түсінді.

"Американдық Парламенттік Формат" тақырыбында тренинг өткізілді.