"Бұл палата жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деп есептейді" тақырыбында дебат өткізді. » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бұл палата жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деп есептейді" тақырыбында дебат өткізді.
05
февраль
2021

"Бұл палата жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деп есептейді" тақырыбында дебат өткізді.

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жетекшісі Оразбек Әтіркүл Әбдібекқызының, Алматы Пікірсайыс Федерациясының Бас Төрешісі , "Атамекен" Интеллектуалдық Пікірсайыс клубының координаторы Әсембек Думан Амангелдіұлының және мектепішілік "Самұрық" дебат клубының ұйымдастыруымен 8-9-сынып оқушылары арасында "Бұл палата жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деп есептейді" тақырыбында дебат өткізді.

Дебаттың мақсаты: Оқушылардың бойында өзіне деген сенімділігін арттыру, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға, ата-аналарынан қолдау күтпей, өздері алға үлкен мақсаттар қоя алатын жаңашыл жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Дебатта қазіргі таңдағы актуальды тақырыптардың бірі талқыланғандықтан дебат өте қызықты, тартысты өтті.

Жақтаушы топ ата-аналарының әлі де болса мамандық таңдауда балаларына көбірек алаңдайтындығын, өздеріне таңдау жасауына сенімсіздікпен қарайтындығы туралы қызу талқыланып, жас түлек өз мамандығын өзі таңдау қажет деген пікірлерімен бөліссе, даттаушы топ ата-аналардың баласы үшін алаңдағаны дұрыс, олар өмірде тәжірибиесі бар адамдар, сондықтан біз үшін жақсы мамандықты тек ата-анамыз ғана таңдап бере алады деген қарсылас топтың қарсы пікірімен жалғасып, өз ойлары мен пікірлерін ашық алаңда ортаға салды.