«Ғабит Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға» атты әдеби сазды кеш » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғабит Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға» атты әдеби сазды кеш
17
март
2022

«Ғабит Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға» атты әдеби сазды кеш









Ұлы Ғабең – қашан да Ұлы Ғабең!
Ұлы Ғабең – қазаққа Ұлық Әлем...
Сарыарқаның төсінен самғап ұшқан,
Сол сұңқарды әлі күнге тірі көрем... – деп, Нұрлан Мәукенұлы жырлағандай, бүгін 17 наурыз мектебімізде әдебиеттің биік тұғырына көтерілген ұлы қаламгер, қоғам қайраткері – Ғабит Мағмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған «Ғабит Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға» атты әдеби сазды кеш өткізілді.
Кешімізге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері Сағат Ермағамбетұлы Жылгелдиев - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері, «ҚР тәуелсіздігіне - 20 жылдығы» сондай-ақ, «ҚР тәуелсіздігіне - 25 жылдығына» арналған медальдарының иегері;
Рахман Омаров - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Бейбіт Қамаранов- Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, театрдың жоғары санатты әртісі арнайы шақырылып, қонақ болды. Театрдың өнер майталмандары кешімізге қонақ кәдемен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымынан үзіндіні сахналап, ән-жырды тарту етті.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Кітапханасының қызметкерлері Ақбаева Маржан Жеңісқызы «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі, Ернар Ергеш - «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашылары кешімізге Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақ сөз өнерінің майталманы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Ғабит атамыздың шығармашылығы туралы мағыналы, қызықты ақпараттар берілді.
Кеш барысында дарынды, талантты өрендеріміз қонақтарды өз өнерлерімен тамсандыра күй шертіп, ән салып, арнау өлеңдерін оқып, ұлттық өнерімізбен сусындатты. Ұрпақ тәрбиесіндегі білім мен өнер бір-бірімен ұштасқанда, еліміздің ертеңі өскелең ұрпақтың жүрегінде еліне, жеріне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік дәні бүр жарары хақ. Осындай ұрпақ санасына мейірім мен махаббат дәнін егуде ерен еңбек етіп жүрген, білім мен тәрбие бесігін тербеткен ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!!!