Білім күні құтты болсын! » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Білім күні құтты болсын!


Білімді жас ұрпақ - болашақтың кепілі әрі егемен елдің тірегі. Білім - жүректің өмірі, көздің нұры, рухтың шипасы, жанның рахаты. Білім - сөздерді, істерді, оқиғаларды өлшейтін таразы.
🖇01.09.2022ж. күні Ғ.Мүсірепов атындағы № 86 мектеп - гимназиясында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты іс - шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл - күй, оң көзқарас қалыптастыру. Салтанатты сап түзеуге мектебіміздің ардагер ұстаздары қонақ ретінде шақырылды. 11 сынып оқушылары білім кілті мен әліппе табыстап, 1 сынып оқушыларына кітап сыйға тартты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 150 ден аса бүлдіршіндер мен жалпы оқушылардың жаңа оқу жылында биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!