06
сентябрь
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары


Алматы қаласы, Әуезов ауданы АПБ ЖПҚБ ЮПБ ПУИ аға инспекторы полиция майоры А.Ж. Кабыкенова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жакыпбекова қыркүйек айында мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың мектеп ережесі мен мектеп формасын сақтау тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8-10 сыныптар арасында «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мектеп және көшедегі тәртіпті сақтаудан басталатындығы айтып түсіндірілді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.