Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыруда "Отбасы- құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы" атты тақырыпта Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында әйгілі «Тастамашы, ана» кітабының авторы Айгиз Баймухаметовпен кездесу болды.
12
декабрь
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыруда "Отбасы- құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы" атты тақырыпта Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында әйгілі «Тастамашы, ана» кітабының авторы Айгиз Баймухаметовпен кездесу болды.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыруда "Отбасы- құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы" атты тақырыпта 12.12.2024 ж күні Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында әйгілі «Тастамашы, ана» кітабының авторы, Башқұртстан және Ресей жазушылар одағының мүшесі, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Айгиз Баймухаметов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер, Қырғыз ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ақын, аудармашы, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, “Тәлім” баспа үйінің директоры  Қиялбек Ақматов, Ақын, Якутия Жазушылар одағының төрағасы Гаврил Андросов, "Өркен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының жетекші ғылыми қызметкері. Филология ғылымдарының кандидаты Мұхтаров Аманғали Хамидоллаұлының қатысуымен халқаралық әдеби танымдық кеш ұйымдастырылды. Кеш қонақтары әр мемлекеттен келген әдеби өкілдер болғандықтан бұл шараға мектебіміздің ата-аналары, ұстаздары және оқушылары аса белсенділік танытып өзара пікір алмасып, жылы лебіздер айтылып, оқырман қауым авторлардан жеке қолтаңба алуға мүмкіндік алды.