Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мәскеу қаласына жолдама алды
21
декабрь
2023
Мәскеу қаласына жолдама алды
«Халықаралық экология, инженерия және падагогика ғылымдар академиясы» Қоғамдық қоры ұйымжастырған «Қазақстан ғылымының жұлдыздары: білім шыңдарын бағындырамыз» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары, ЖОО және колледж студенттері арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар байқауында гуманитарлық бағыты, психология секциясы бойынша «Виртуалды ортадағы жасөспірімдердің психологиялық кеңістігінің қауіпсіздігі және оны қорғауының психологиялық мәселелері» тақырыбын 10 «Г» сынып оқушысы Косдаулет Султан І
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 1 орын алды.
21
декабрь
2023
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 1 орын
Алматы қаласы білім басқармасы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің математика секциясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 10 «Г» сынып оқушысы Айдарқызы Ақмаржан жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Даутбаева С.  
Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту және жаңа медициналық мекемелердің құрылысы жыл қорытындысы
20
декабрь
2023
Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту және жаңа медициналық
Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту және жаңа медициналық мекемелердің құрылысы жыл қорытындысы
"Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы"
19
декабрь
2023
"Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы"
Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу мақсатында 1-11 сынып оқу "Инабатты қыз, иманды ұл тәрбиесі - ұлт қазынасы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді
15
декабрь
2023
"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!" тақырыбында мерекелік іс-шара
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп оқушылары "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтті
15
декабрь
2023
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай 2 сынып оқушыларын "Жас Қыран", 5 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау өтті
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын өтті
14
декабрь
2023
Мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен сынып сағатын
«Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік» тақырыбындағы тәрбие сағатын мектеп кітапханашысы Қожаева Қарлығаш 5 «Д» сыныбымен бірге өтті. Мақсаты: 1.   16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі  екенін, оның  тарихын  түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен  таныстыру; 2.  Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру;  3.  Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды  сүюге тәрбиелеу;
Сурет көрмесі
13
декабрь
2023
Сурет көрмесі
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-6 сынып оқушылары сурет көрмесіне белсене ат салысты.
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
12
декабрь
2023
«БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумы
Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған «БОЛАШАҚ БИЗНЕС КӨШБАСШЫСЫ" стартап-форумының "Әлемді өзгерткен ғылым" номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 "Б" сынып оқушысы Даутбай Бекзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Махамбетова Ж.
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
12
декабрь
2023
"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушыларының арасында "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.