Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жаңа жыл шыршасы!” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды
28
декабрь
2023
“Жаңа жыл шыршасы!” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды
💬  Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын Жаңа жыл барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Мерекеге орай, 1-4 сынып оқушыларына жаңа жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында “Жаңа жыл шыршасы!” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шарада, әсем әндер мен тақпақтар айтылып, қойылымдар орындалды.
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтті
22
декабрь
2023
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай Республикалық бірыңғай 2 сынып оқушыларын "Жас Қыран", 5 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салатанатты түрде қабылдауы өткізілді.
"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді
15
декабрь
2023
"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!" тақырыбында мерекелік іс-шара
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп оқушылары "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтті
15
декабрь
2023
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай 2 сынып оқушыларын "Жас Қыран", 5 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау өтті
Сурет көрмесі
13
декабрь
2023
Сурет көрмесі
Желтоқсан оқиғасына 37 жыл, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 32 жыл толуына орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-6 сынып оқушылары сурет көрмесіне белсене ат салысты.
«Менің Отаным Қазақстан» іс-шарасын өткізді
08
декабрь
2023
«Менің Отаным Қазақстан» іс-шарасын өткізді
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясына Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат  апталығында «Жаhандық құзыреттер» курсы мұғалімі Оразбек Әтіркүл Әбдібекқызы «Менің Отаным Қазақстан» іс-шарасын өткізді. Іс-шараны өткізілуіндегі  мақсаты:            Жас ұрпақтың елжандылық  сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттық рухта  тәрбиелеу.  Отан, туған ел, Ту,  Елтаңба, Әнұран, ата заң туралы түсініктерге деген құнды қасиет қалыптастыру. Туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, құрмет
"Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы" тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.
01
декабрь
2023
"Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы" тақырыбында ашық сынып
ҚР Президентінің 1993 жылдың 15 қарашасында ел аумағындағы жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде төл теңге қол­да­нысқа енген болатын. Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілі­гінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы бо­лып отыр. Осы маңызды күнге орай Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту; туған жеріне, отанына
"Күз көріністері" көрмесі
30
ноябрь
2023
"Күз көріністері" көрмесі
1-4 сынып оқушылары арасында "Күз көріністері" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілді. Күз мезгілі бай екендігі, өз жұмыстарында қандай табиғи материалды қолдануға болатындығы туралы әңгімелер жүргізілді. Табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етті. Жұмыстар қайталанбады. Олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысы
"Брейншторм" интеллектуалды сайысы өтті
29
ноябрь
2023
"Брейншторм" интеллектуалды сайысы өтті
Білім беру саласында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде 20.11.2023ж.-01.12.2023ж. аралығында жоспарланған жаратылытану-математика пәндер бірлестігінің "Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбындағы онкүндік аясында Ә.Ұлжалғас, М.Султанбаева, С.Саттыбаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында физика пәнінен "Брейншторм" интеллектуалды сайысы өтті.  
"Сыбдыры сұлу, Алтын күз!" тақырыбында сайыс өткізілді
24
ноябрь
2023
"Сыбдыры сұлу, Алтын күз!" тақырыбында сайыс өткізілді
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында мектепішілік 5-7 сыныптар арасында "Сыбдыры сұлу, Алтын күз!" тақырыбында сайыс өткізілді. Сайыс: таныстыру; өнер; сән өнері және экибана дайындау кезеңдерінен тұрды. Көрермендер мен қатысушылар күз мезгілінің өзгерістерін ұғынып, мерекелік көңіл -күйде болды.