"Әжелер - ұлт ұйытқысы" сайысы » КГУ «Школа-гимназия №86 имени Г.Мусрепова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2022

"Әжелер - ұлт ұйытқысы" сайысы








Наурыз айында мектебімізде ұлттық тәрбиені насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұраларымен таныстыру, оқушыларды халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеуде 3-4 сыныптар арасында "Әжелер -ұлт ұйытқысы" тақырыбында әжелер сайысы өткізілді. Сайыс таныстыру, өз өнерлерін көрсету және ұлттық салт-дәстүрімізді көрсету кезеңдерінен тұрды.
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-баба дәстүрін,
Жайып салар келді күн-деп өз өнерлерін ортаға салған асыл әжелеріміз қолөнерлерімен кеш қатысушыларын тамсандырды.
Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады десек, сол отбасының ұйытқысы болған әжелеріміз аман болсын! Немерені ертегісімен, жыр дастанмен өсірген асыл әжелеріміздің әр сөзі жыр болып жатталып, өнеге болары сөзсіз.