Алматы қаласы Білім басқармасының
"Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-05-95
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-06-13
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі.
04
октябрь
2023
«International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі.
2023 жылғы 2-7 қазан аралығында «Ali Group› білім және мәдениет, медиа компаниясының ұйымдастыруымен «Bilim» ЖШС бастамасымен «International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесін 10”Б” сынып оқушылары, сынып жетекшісі Дәкенова Назым, әлеусеттік педагог Асемқұл Марал апайлармен тамашалап қайтты.
"Өнерлінің қолы алтын" атты көрме ұйымдастырылды
02
октябрь
2023
"Өнерлінің қолы алтын" атты көрме ұйымдастырылды
"Болашаққа білімді, өнерлі,дені сау ұрпақты жетелеу" тақырыбындағы эстетикалық пәндер бірлестігі апталығында сұлулыққа жаны құмар, он саусағынан өнерлері тамған көркем еңбек пәні ұстаздары "Өнерлінің қолы алтын" атты тамаша көрме ұйымдастырды.
«Ал, кәнекей, қыздар!» атты жас шеберлер сайысы
02
октябрь
2023
«Ал, кәнекей, қыздар!» атты жас шеберлер сайысы
"Болашаққа білімді, өнерлі,дені сау ұрпақты жетелеу" онкүндігі аясында, көркем еңбек пәні мұғалімдері Р.Сабенова мен А.Карабатырованың ұйымдастыруымен, қыздардың бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу; қыз балаларды өзін - өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу; қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында 6 “А,Б,В,Г,Д” сыныптары қыздарының арасында «Ал, кәнекей, қыздар!»
«Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбындағы эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты
25
сентябрь
2023
«Болашаққа - білімді,өнерлі дені сау ұрпақты жетелеу» тақырыбындағы
Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай салауатты өмір салтын  насихаттап, спорттың әр түріне қызығушылығын ояту және еңбекті ұштастыра отырып, ән-күй және қол өнері шеберлігін, шығармашылықтарын дамыту мақсатында 25.09.2023ж.-06.10.2023ж. күндері аралығында «Болашаққа - білімді,өнерлі  дені сау ұрпақты  жетелеу» тақырыбында эстетикалық пәндер және дене шынықтыру, АӘД әдістеме бірлестігінің онкүндігінің ашылуы  салтанатты түрде өткізілді. Ашылу салтанатында
“Туған жерім-мақтанышым” тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы
22
сентябрь
2023
“Туған жерім-мақтанышым” тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы
Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясының 5-9 сыныптары  аралығында Республика күніне орай “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ұйымдастырылған “Туған жерім-мақтанышым” тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
8-сыныптар арасында «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты танымдық кеші
12
сентябрь
2023
8-сыныптар арасында «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты танымдық кеші
12.09.2023 күні тілдер мерекесіне орай, 8-сыныптар арасында «Мысалмен айтқан көп ойлар...» атты танымдық кеш өтті. Кештің мақсаты:  Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту. Халықты ояту, санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету мақсатында жазған мысалдарын оқушы жүрегіне сіңіре отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттау. 8-сынып оқушылары ақын,
"Тілім менің –  тірлігімнің айғағы" онкүндігі аясында үш тілде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
11
сентябрь
2023
"Тілім менің – тірлігімнің айғағы" онкүндігі аясында үш тілде
"Тілім менің –  тірлігімнің айғағы" онкүндігі аясында "Тіл мәртебесі - ұлт мәртебесі" үш тілде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауда 5-10-сынып оқушылары қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдерді жатқа орындады. Мақсаты: Оқушылардың үш тілде білімін тереңдету, ана тілді құрметтеуге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, шешендік сөз өнеріне баулу. Ұйымдастырушы педагогтар: Әбсейіт Ақару, Қаламбек Сара, Дауытова Бақыт, Қайсар Жібек, Тулешова Шолпан.
"Отбасы-мейірім ордасы" суреттер көрмесі
11
сентябрь
2023
"Отбасы-мейірім ордасы" суреттер көрмесі
Ғ.Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясында отбасы күні мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сай 1-7 сынып оқушылары арасында "Отбасы-мейірім ордасы" суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
"Ахмет - сөз көсемі" атты интеллектуалдық ойын сабағы
08
сентябрь
2023
"Ахмет - сөз көсемі" атты интеллектуалдық ойын сабағы
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы" онкүндігі аясында 7 "А, Б, В, Г, Д" сыныптары арасында "Ахмет - сөз көсемі" атты интеллектуалдық ойын сабағы болып өтті. Сайыс мақсаты: ұлт зиялыларының өмір жолдары, шығармалары мен мәдени мұралары туралы оқушы білімін тереңдету, ана тілді құрметтеуге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, шешендік сөз өнеріне баулу. Ұйымдастырушы педагогтар: Оспанова А, Нурдинова Г, Құтыбек А, Ачилова Н, Тастанбекова Ф.
«Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында үш тілде мақал-мәтел айтудан сайыс өткізілді.
07
сентябрь
2023
«Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында үш тілде мақал-мәтел айтудан
❖ Оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету мақсатында "Тілім менің –  тірлігімнің айғағы" онкүндігі аясында «Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларына үш тілде мақал-мәтел айтудан сайыс өткізілді.  Ұйымдастырушылар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері: Әбсейіт А, Қаламбек С, Мауленкулова А, Қалқанова Г, Көшерова Х.